Жоба туралы


Bitimger.kz сайты ғылыми жобаны жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

Жоба атауы: AP26197871 – «Орталық Азия бестігі» елдеріндегі конфликтологияны институцияландыру мәселесі: жағдайы және даму стратегиясы» (2025-2027 ж.).

Ғылыми жобаның өзектілігі «Орталық Азия бестігі» елдеріндегі конфликттерді зерттеу институттарын қалыптастырудың теориялық, әдістемелік және қолданбалы аспектілерін кешенді дамытудың объективті қажеттілігімен анықталады. «Орталық Азия бестігі» мемлекеттерінде конфликтологияны институцияландыру өңірлік интеграцияны нығайтудың, тұрақты даму мен аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды негізгі тетігіне айналуы тиіс. Бұл үрдіс конфликттерді бейбіт реттеуге және әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған механизмдердің тиімділігін күшейтеді, әсіресе деглобализация жағдайында оның мәні арта түседі. Сонымен қатар, «Орталық Азияның бестігі» елдерінде конфликтологияны институцияландыру идеясын ілгерілетуде Қазақстанның жетекші рөл атқаруы қажет.

Ғылыми жобаның мақсаты «Орталық Азия бестігі» елдерінің жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына конфликтологияны интеграциялау мақсатында оның институциялану үдерісін зерттеу, сондай-ақ аймақ мемлекеттері арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл тетіктерін қалыптастыруға ерекше назар аудару.

 

ЗЕРТТЕУ ТОБЫ:

1. Жобаның ғылыми жетекшісі, Бас ғылыми қызметкер – Амангельдиев Асан Әзімханұлы, философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының аға оқытушысы.

ResearcherID: FYL-4049-2022 

ORCID: 0000-0001-9257-1609  

Scopus Author ID: 57222048623

 

2. Жетекші ғылыми қызметкер – Шакиров Сымбат Еркебаевич, философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының меңгерушісі. Әлеуметтік конфликттер, медиация және әлеуметтік философия саласының маманы. Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кеңесінің мүшесі. 

ORCID: 0000-0002-8354-5844 

Scopus Author ID: 57211217700

 

3. Ғылыми қызметкер – Пулатов Шерзод Аббозович, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D03107 – Дипломатия және этнополитика менеджменті» білім беру бағдарламасының докторанты. Кәсіби тренер-медиатор, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық медиация кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі. 

ORCID: 0009-0005-8199-4506

 

4. Аға ғылыми қызметкер – Өмірбай Абзал Саятайұлы, философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті философия кафедрасының аға оқытушысы.

ResearcherID: DQY-9635-2022 

ORCID: 0000-0001-7183-6428 

Scopus Author ID: 57243009400

 

5. Аға ғылыми қызметкер – Айтымбетов Нуркен Искакович, философия докторы (PhD), ҚР ҒжЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, саясаттанушы.

Researcher ID: P-8892-2014 

ORCID: 0000-0003-2095-375X 

Scopus Author ID: 57144516100

 

6. Аға ғылыми қызметкер – Абдилхаким Бурханадин Шарафутдинұлы, философия докторы (PhD), Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті дінтану кафедрасының доценті, теолог. 

ORCID: 0000-0002-8271-866X 

Scopus ID: 59498572900

 

7. Ғылыми қызметкер – Еламанов Нурсултан Алибекович, техника ғылымдарының магистрі, «Bilim Innovations Group» ЖШС-нің It-маманы.

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

1. Scopus дерекқорында индекстелетін, рецензияланған ғылыми басылымдарда 3 (үш) мақала немесе шолу жариялау, сондай-ақ ҒЖБССҚК ұсынған отандық басылымдарда 5 (бес) мақала жариялау.
2. Жобаны жүзеге асыру аясында 1 (бір) философия докторы (PhD) немесе профиль бойынша доктор даярлау жоспарлануда. 
3. Монография жариялау.
4. Ғылыми жоба тақырыбы бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу.
5. Жобаны жүзеге асыру барысында нәтижелерді халыққа танымал ету және ақпаратты тарату мақсатында арнайы веб-сайт құру.
6. Зерттелетін тақырып бойынша Қазақстандық және халықаралық дискуссияларды көрсететін әдебиетке аналитикалық шолулар дайындау.
7. Дөңгелек үстел және семинар өткізу.