Жаңалықтар


Алматыдағы ғылыми диалог: конфликтология мен аймақтық тұрақтылық мәселелері талқыланды

2025 жылғы 27-30 қазан аралығында жобаның ғылыми жетекшісі, философия докторы (PhD) Асан Амангельдиев және жетекші ғылыми қызметкер, философия докторы (PhD) Сымбат Шакиров Алматы қаласына ғылыми іссапармен барды. Ғылыми іссапар Философия, саясаттану және дінтану институтының шақыруы бойынша жүзеге асырылды.

29 қараша 2025

Ғылыми жобаны жүзеге асыру аясында Ташкент қаласына ғылыми іссапар

2025 жылғы 22-27 қараша аралығында жобаның ғылыми жетекшісі, философия докторы (PhD) Асан Амангельдиев және жұмыс тобының мүшелері – жетекші ғылыми қызметкер, философия докторы (PhD) Сымбат Шакиров, аға ғылыми қызметкер, философия докторы (PhD) Нуркен Айтымбетов және ғылыми қызметкер, PhD-докторант Шерзод Пулатов Ташкент қаласына (Өзбекстан) ғылыми іссапарға барды.

28 қараша 2025

Ташкент қаласында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды

2025 жылғы 25 қарашада ғылыми жобаны жүзеге асыру аясында Ташкент қаласындағы Орталық Азия Халықаралық институтының (Өзбекстан) базасында «Орталық Азия бестігі елдерінде конфликтологияны институцияландыру: қазіргі заманғы сын-қатерлер және даму перспективалары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

26 қараша 2025

Бішкек қаласына ғылыми іссапар

2025 жылдың 11-17 қазан аралығында жобаның ғылыми жетекшісі, философия докторы (PhD) Асан Амангельдиев, жұмыс тобының құрамынан жетекші ғылыми қызметкер, философия докторы (PhD) Сымбат Шакиров және жетекші ғылыми қызметкер, философия докторы (PhD) Абзал Өмірбай Бішкек қаласына (Қырғыз Ресупбликасы) ғылыми іссапарға барды.

20 қазан 2025

«Орталық Азия бестігі» елдеріндегі конфликтологияны институцияландыру мәселесі: жағдайы және даму стратегиясы» жобасы аясында ғылыми семинар өтті

2025 жылғы 6 қазан күні ғылыми жоба аясында жұмыс тобы мүшелерінің алғашқы семинары өткізілді. Семинарда ғылыми жобаға қатысушылардың әрқайсысының міндеттері анықталып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының нәтижелеріне қол жеткізу нақтыланды.

06 қазан 2025