2025 жылғы 6 қазан күні ғылыми жоба аясында жұмыс тобы мүшелерінің алғашқы семинары өткізілді. Семинарда ғылыми жобаға қатысушылардың әрқайсысының міндеттері анықталып, 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының нәтижелеріне қол жеткізу нақтыланды.
Семинардың мақсаты – ғылыми жобаны іске асыру стратегияларының перспективаларын талқылау, мақсаттар мен міндеттерді нақтылау, 2025 жылға арналған жоспарды іске асыруды әдістемелік, ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар қабылдау.
Семинарда жоба аясында жазылған «Орталық Азия мемлекеттерінде конфликт қаупін азайтудағы туризмнің институционалдық және әлеуметтік-саяси аспектілері» тақырыбында мақала талқыланды. Бұл мақала шолу сипатында болып, туризмнің конфликт тудырушы факторларды барынша азайтудағы және өңірлік тұрақтылықты нығайтудағы рөліне қатысты негізгі тәсілдер, тұжырымдамалар мен қолданыстағы зерттеулерді қарастырады. Жұмыс тобы бұл мақаланы мақұлдап, «Адам әлемі» философиялық және қоғамдық-гуманитарлық журналына жариялауға жолдады.
Сондай-ақ, жоспарды жүзеге асырудың негізгі тұстарына тоқталып, Қырғызстан, Өзбекстан және Алматы қаласындағы іссапарларды ұйымдастыру, жоба тақырыбы аясындағы іргелі ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, «дөңгелек үстелді» ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.
Семинарға қатысқандар:
Жобаның ғылыми жетекшісі, БҒҚ – Амангельдиев Асан Әзімханұлы, философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының аға оқытушысы.
ЖҒҚ – Шакиров Сымбат Еркебайұлы, философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының меңгерушісі.
ҒҚ – Пулатов Шерзод Аббозович, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «8D03107 – Дипломатия және этносаясаттағы менеджмент» білім беру бағдарламасының докторанты.
АҒҚ – Өмірбай Абзал Саятайұлы, философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының аға оқытушысы.
АҒҚ – Айтымбетов Нұркен Ысқақұлы, философия докторы (PhD), ҚР ҒжЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері.
АҒҚ – Абдилхаким Бурханадин Шарафутдинұлы, философия докторы (PhD), Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Дінтану кафедрасының доценті.
ҒҚ – Еламанов Нурсултан Алибекович, ғылым магистрі, «Bilim Innovations Group» ЖШС IT-маманы.
ҒҚ – Кожабеков Нуржигит Абубакирович, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «8D02201 – Философия» білім беру бағдарламасының докторанты.
