2025 жылғы 27-30 қазан аралығында жобаның ғылыми жетекшісі, философия докторы (PhD) Асан Амангельдиев және жетекші ғылыми қызметкер, философия докторы (PhD) Сымбат Шакиров Алматы қаласына ғылыми іссапармен барды. Ғылыми іссапар Философия, саясаттану және дінтану институтының шақыруы бойынша жүзеге асырылды.
2025 жылғы 28 қарашада Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас директоры Садвокасова Айгуль Какимбековнаның қабылдауында болды. Кездесу барысында тараптар конфликтология, этномедиация, Орталық Азиядағы әлеуметтік және саяси процестер, сондай-ақ аймақтық интеграция мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша ғылыми пікір алмасып, ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
Іссапар барысында институттың жетекші ғалымдарымен кездесу өткізілді. Кездесуге Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығы мен Әлемдік және қазақ философиясы орталығының қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, Салыстырмалы саясаттану зерттеулер орталығының жетекшісі, философия ғылымдарының кандидаты – Амребаев Айдар Молдашович; философия ғылымдарының докторы, профессор, бас ғылыми қызметкер – Рустем Казахбаевич Кадыржанов; философия ғылымдарының кандидаты, бас ғылыми қызметкер – Коянбаева Гульнара Ромсеитовна; философия ғылымдарының кандидаты, бас ғылыми қызметкер – Ешпанова Дина Далабаевна; жетекші ғылыми қызметкер – Әлжан Қуаныш Ұзақбайұлы; PhD, жетекші ғылыми қызметкер – Айтымбетов Нуркен Искакович қатысты. Кездесу барысында философия докторы (PhD) Сымбат Шакиров ғылыми жобаның мақсат-міндеттері мен өзектілігі туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, талқылау барысында өзекті ғылыми жобалар, бірлескен зерттеулердің мүмкіндіктері, академиялық бастамаларды дамыту жөніндегі ұсыныстар, сондай-ақ институт пен университет арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық перспективалары қаралды. Қатысушылар тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі.
28 қараша күні Алматы қаласындағы TURAN UNIVERSITY Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Жаңа әлемдік тәртіп жағдайындағы Орталық Азиядағы аймақтық интеграцияның мәселелері мен болашағы» тақырыбында білім алушыларға ашық дәріс өткізілді.
