INSTITUTIONAL AND SOCIOPOLITICAL ASPECTS OF TOURISM IN REDUCING CONFLICT RISKS IN CENTRAL ASIAN STATES
Мақалада Орталық Азия елдеріндегі туризмнің институционалдық және әлеуметтік-саяси аспектілерінің аймақтың конфликт әлеуетін төмендетудегі рөлі қарастырылған. Зерттеу мемлекетаралық ынтымақтастықты, мәдениетаралық диалогты және өзара сенімді нығайтудағы туризмнің мүмкіндіктері мен шектеулерін талдайды. Авторлар тарихи-мәдени мұраның, этникалық және лингвистикалық әртүрліліктің, сондай-ақ су және шекара мәселелерінің аймақ елдеріндегі туризм индустриясына әсерін аша отырып, аймақтық интеграция мен тұрақтылыққа қол жеткізу жолдарын ұсынады.
Мақалада институционалдық реформалардың, құқықтық базаны жетілдірудің және өңірлік жобаларды іске асырудың маңыздылығы атап өтілген. Сонымен бірге, «Silk Road Visa» (Жібек жолы визасы) сияқты бірлескен бастамалардың Орталық Азиядағы тұрақты бейбітшілік пен әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз етуге әсері талданған.
Жарияланды
4.11.2025
Библиографиялық анықтама
Шакиров, С., Тлеубаева, А., Амангельдиев, А., & Качкынова, А. (2025). Орталық Азия мемлекеттерінде конфликт қаупін азайтудағы туризмнің институционалдық және әлеуметтік-саяси аспектілері. Адам әлемі, 103(4), 125–131. https://doi.org/10.48010/aa.v103i4.811
