Мәдени дипломатия нысаны ретіндегі бітімгершілік: мәдениетаралық диалогтен гуманитарлық консенсусқа дейін

С.Е. Шакиров Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан

А.А. Амангельдиев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан

Аңдатпа:

Тезисте қазіргі гуманитарлық қатынастар аясындағы мәдени дипломатияның нысаны ретіндегі бітімгершілік қарастырылады. Бітімгершіліктің тек қақтығыстарды реттеу тәсілі ғана емес, сонымен қатар мәдени және құндылықтық айырмашылықтарды үйлестірудің әмбебап тетігі екені негізделеді. Бейтарап бітімгерді тарту тәжірибесінің терең тарихи тамыры бар екені және оның әртүрлі өркениеттерде кеңінен қолданылғаны көрсетіледі. Бітімгершіліктің институционалдануына және оның қазіргі ғылыми әрі практикалық ортада дамуына ерекше назар аударылады. Жаһандану жағдайында бітімгершіліктің мәдениетаралық диалогтен гуманитарлық консенсусқа өтудің тиімді құралы екені туралы қорытынды жасалады.

Түйін сөздер: бітімгершілік, мәдени дипломатия, медиация, мәдениетаралық диалог, гуманитарлық консенсус, қақтығыс, жаһандану.
PDF
Жарияланды

9.9.2026

Библиографиялық анықтама

«Türkmenistanyň daşary syýasaty we diplomatiýasy: parahatçylygyň, howpsuzlygyň we durnukly ösüşiň hatyrasyna hyzmatdaşlyk» atly halkara ylmy-amaly maslahatyň nutuklarynyň gysgaça beýany. – Aşgabat: Ylym, 2026. – 532 sah.