Мақалада Қазақстан Республикасының этносаралық келісімнің ұлттық моделі полиэтносты қоғамдағы этносаяси үдерістерді басқарудың институционалданған жүйесі ретінде талданады. Оның нормативтік-құқықтық, институционалдық және әлеуметтік-мәдени құрамдас бөліктері, соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымы, қоғамдық тетіктер және этносаралық саладағы медиацияның дамуы қарастырылады. Мәдени дипломатияны дамытудағы және мемлекеттің оң халықаралық имиджін қалыптастырудағы аталған модельдің рөліне ерекше назар аударылады. Зерттеу институционалдық, нормативтік-құқықтық және жүйелік талдау әдістеріне негізделген. SWOT тәсілінің элементтерін қолдану модельдің күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ қазіргі сын-қатерлер жағдайындағы бейімделу әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді. Қазақстандық модельдің бейімделу қабілеті жоғары екені және оның орнықты дамуды қамтамасыз ету құралы ретіндегі маңызы туралы қорытынды жасалады.
9.9.2026
«Türkmenistanyň daşary syýasaty we diplomatiýasy: parahatçylygyň, howpsuzlygyň we durnukly ösüşiň hatyrasyna hyzmatdaşlyk» atly halkara ylmy-amaly maslahatyň nutuklarynyň gysgaça beýany. – Aşgabat: Ylym, 2026. – 532 sah.